Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерін өңірді дамыту картасын бірлесе әзірлеуге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерін өңірді дамыту картасын бірлесе әзірлеуге шақырды

13.10.2015
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерін өңірді дамыту картасын бірлесе әзірлеуге шақырды

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің өкілдері хабарлайды. 

Негізгі мақсат - экономиканың қай саласында және өңірлерде қандай бизнес түрлерін дамыту қажеттігін анықтау.

Бүгінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы өңірді дамыту картасын әзірлеуді тиімді ұйымдастыру үшін құрамында жергілікті атқарушы орган мен Палата өкілдерінен тұратын жұмыс тобын құрып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің паспортын әзірледі.

Бизнес өкілдерінің кәсіпті жүргізуге жасалған жағдайға қатысты көзқарасын білу үшін сауалнамалар жүргізуде. Бұл шаралар «Инвестиция тиімділігін зерттеу агенттігі» ЖШС және "Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ мамандарымен бірге жасалып жатыр. 

Хабарламаларға жазылу