Астанада паллиативті көмек мәселесіне арналған конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада паллиативті көмек мәселесіне арналған конференция өтеді

12.10.2015
Астанада паллиативті көмек мәселесіне арналған конференция өтеді

Алматыда «Қатерлі ісікпен бірігіп күресеміз» атты қоғамдық қордың еріктілері Бүкіләлемдік хоспистер мен паллиативті көмек күніне арналған ақпараттық науқанды өткізді.  

Бұл күн бүкіл әлемде паллиативті көмек дегеннің не екенін, оның кімге қажеттігін және оны көрсету тәсілдері жөнінде ақпараттандыру мақсатында аталып өтеді.

Бүгінгі таңда аталмыш көмекті күрделі аурулармен науқастанған мыңдаған қазақстандықтар қажет етеді.

«Басқаша айтқанда, паллиативті көмек тек біздің Қазақстандағы жаңалық емес, ол медициналық және әлеуметтік көмектің жаңа бағыты. Аталмыш көмек күрделі аурумен науқастанғандарға арналған. Егер, ауру емделмейтін болса, ол науқас азаматқа ешқандай көмек көрсетуге болмайды деген сөз емес. Аурудың барлын қыр-сырын зерделеп, ол туралы неғұрлым көп ақпарат алатын болсаңыз, аурудың ауыртпалығын барынша төмендетуге болады.  Сондықтан, науқастың өзі де оның туыстары да қиын жағдайға тап болғанда психологиялық күйзеліске ұшырамауы үшін  осы көмек туралы білулері керек»,-дейді «Қатерлі ісікпен бірігіп күресеміз» қоғамдық қорының Гүлнар Қоңырова.

Қазіргі таңда аталмыш қоғамдық қордың жедел қимыл бригадасы бар. Олар Алматы қаласы бойынша онкологиялық ауруларға тегін көмек көрсетеді. Сонымен қатар, науқастың туыстарына қалай ем жасау қажеттігін үйретіп, науқастың денсаулық күтіміне байланысты  мәліметтерден хабардар етеді.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 22-қазаны күні Астанада паллиативті көмек мәселесіне арналған конференция мен ауыр науқастарға арналған дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі жөніндегі  дөңгелек үстел отырысы өтеді.

 

 

Хабарламаларға жазылу