Бүгін «Қазақстан» телеарнасы бокстан ӘЧ-дағы жартылай финалдарды тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Қазақстан» телеарнасы бокстан ӘЧ-дағы жартылай финалдарды тікелей эфирде көрсетеді

11.10.2015
Бүгін «Қазақстан» телеарнасы бокстан ӘЧ-дағы жартылай финалдарды тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында жартылай финалдық кезең басталады.

Осыған орай, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы барлық жекпе-жектерді Астана уақытымен сағат 23:35-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, жарыстың бұл кезеңіне екі қазақстандық спортшы шықты. Қазіргі Әлем чемпионы Данияр Елеусінов (69 келі) әзірбайжандық Парвиз Багировпен кездеседі.

Ал, Иван Дычко (+91 келі) жартылай финалда өзбекстандық Баходир Джалоловпен қолғап түйістіреді.

Отандастарымыздың жекпе-жектері ертең, 12 қазанда өтеді. Бұл кездесулерді «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде 21:55-те көрсетеді.

 

Хабарламаларға жазылу