Палеонтологтар ежелгі керіктердің сүйіктерін зерттеп, оның мойынының ұзын болу себебін анықтады. Ғалымдардың айтуынша, бұл жануардың мойыны екі кезең бойынша ұзарған.
Алғашында керіктің мойын омыртқасының сүйектері оның бас жағынан ұзарған. Ал, мойын омыртқасының денесімен жалғасқан сүйектері кішілеу болған. Оларға керіктің ерекше тұқымдасы – самотерий (Samotherium) мен мүйізді окапилерді жатқызуға болады. Бұл жануарлар шамамен 7 миллион жыл бұрын өмір сүрген.
Ал, қазіргі керіктер осыдан миллион жыл бұрын пайда болған. Олардың мойын омыртқасының төменгі бөлігі ұзын. Сондай-ақ, олардың жүрегі үлкен, қаны қою әрі қан қысымы басқа жануарлардан жоғары болады.
Айта кетейік, керіктің жүрек қысымы адамдікінен 3 есе жоғары.