«Еуразия Барысы-2015». Бүгін Қазақстан атынан бозкілемге шығатын палуандар кімдер? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразия Барысы-2015». Бүгін Қазақстан атынан бозкілемге шығатын палуандар кімдер?

09.10.2015
«Еуразия Барысы-2015». Бүгін Қазақстан атынан бозкілемге шығатын палуандар кімдер?

9 қазанда Тараздағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі өтеді. Оған 8 мемлекеттен 56 спортшы қатысады деп күтілуде.

Белдесулер 55, 66, 74, 82, 90, - 100, +100 келі салмақ дәрежелері бойынша өтеді. Осыған орай, Қазақстан атынан бозкілемге шығатын палуандар туралы мәліметтерді жариялаймыз.

 

55 келіге дейін:

Айдос Сейпілұлы, Қазақ күресінен әлем чемпионы

 

66 келіге дейін:

Бағдаулет Сәбитұлы, Қазақ күресінен Азия чемпионы

 

74 келіге дейін:

Ринат Махмутов, Қазақстан Кубогының иегері

 

82 келіге дейін:

Мақсат Мәзібаев, Қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы

 

90 келіге дейін:

Бекзат Ахметбеков, Қазақ күресінен 2 дүркін Азия чемпионы

 

100 келіге дейін:

Мұхит Тұрсынов

Туған жылы – 1988.

Бойы: 185 см

Салмағы: 95 келі

 

Жетістіктері:

– Қазақ күресінен Әлем кубогының жеңімпазы (2011 ж.);

– Қазақ күресінен Әлем чемпионы (2013 ж.);

– 2014 жылы «Қазақстан Барысы» атанды (2014 ж.).

 

100 келіден жоғары:

 

Айбек Нұғымаров

Туған жылы – 1987.

Бойы: 189 см

Салмағы: 138 келі

 

Жетістіктері:

– Қазақ күресінен екі дүркін Азия чемпионы (2011, 2014 жж.);

– Қазақ күресінен екі дүркін Әлем чемпионы (2011, 2013 жж.);

– 2013 жылы «Қазақстан Барысы» жеңімпазы (қазақ күресінен);

– «Әлем Барысы» халықаралық турнирінің вице-чемпионы (2014 ж.).

 

Еске сала кетейік, «Еуразия Барысы-2015» жарысын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бүгін тікелей эфирден көрсетеді. Жарыс сағат 11-50-де басталады.

Хабарламаларға жазылу