Шымкент қаласының әкімдігі WhatsАpp желісіне қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласының әкімдігі WhatsАpp желісіне қосылды

08.10.2015
Шымкент қаласының әкімдігі WhatsАpp желісіне қосылды

Енді Шымкент тұрғындары қаладағы келеңсіз оқиғаларды ұялы телефондарына түсіріп, бірден әкімшілікке шағымдана алады. Ол үшін 8-777-885-85-13 арнайы сенім телефон нөміріне Whatsapp желісі арқылы байланыса алады. Бұл туралы қала әкімінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек хабарлады.

Қала әкімі Ғабидулла Әбдірахимовтың бастамасымен қолға алынған жоба Шымкенттегі тәртіп бұзушылықты азайтып, қаланы абаттандыруды көздейді. Ал, азаматтардан келіп түскен әрбір хабар қала әкімдігі мамандарының бақылауында болмақ.

Хабарламаларға жазылу