Шымкенттегі жаңа аудан Қаратау деп аталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі жаңа аудан Қаратау деп аталды

30.08.2014
Шымкенттегі жаңа аудан Қаратау деп аталды

Жақында өткен халықтық тыңдалымдардан соң, Шымкент қаласының тұрғындары облыс бойынша көлемі жағынан төртінші жаңа ауданның атауын анықтады. Бұл туралы DailyNews.kz. хабарлайды.

Тарихшылар, ардагерлер, қоғам қайраткерлері БАҚ өкілдері қатысқан  халықтық тыңдалым Шымкент қалалық мәслихат депутаттарының бастамасымен жүзеге асырылды.

Қала тұрғындары Астана, Мәртөбе, Алаш, Нұрсәт, Күлтөбе сияқты 20-ға тарта атау ұсынған болатын. Шымкенттіктер сондай-ақ, жаңа ауданға Сабыр Рахымов, Шәмші Қалдаяқов, Дінмұхамед Қонаев, Асанбай Асқаровтардың бірінің есімін берді де ұсынды.

Шымкенттегі тізім бойынша төртінші аудан құрамына Сайрам, Ордабасы, Төле би аудандары кіретін бас жоспардың мақұлдануымен пайда болды. Облыс орталығына 40 145 мың  тұрғыны бар жергілікті бөлімше қосылды. Оның көлемі бірден 77 мың гектарға ұлғайды.

Хабарламаларға жазылу