«Ана мен бала» Ұлттық ғылыми орталығында ем қабылдап жатқан сәбилер үшін түрлі шаралар өткізіледі. «Сәбидің риясыз күлкісі әлемді тербейді» ұранымен жапон фокусшысы Астанаға келді.
83 жастағы қария бұған дейін әлемнің 97 елінде қайырымдылық кешін өткізген. Онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға күлкі сыйлап, ата-ананың ризашылығын алу – Ватанабэ Саканджидің өмірлік ұстанымы.
«Қазақстан мен Жапония мәдениетінде айырмашылық көп. Бірақ екі елде де ана мен баланың жағдайы - басты назарда. Негізі, осыған дейін сауда саласында жұмыс істегенмін. Көптеген елдерді аралап жүріп, баланың күлкісінен қымбат дүние жоқ екенін түсіндім. Содан кейін балғындарға сәл де болса қуаныш сыйлау мақсатында фокус өнерін меңгердім», - дейді фокусшы.
Ватанабэ Саканджидің өнерін «Таңшолпаннан» тамашалаңыз.