Алматы облысының әкімі мен «ҚТЖ» компаниясының басшысы көлік және тасымалды жетілдіру мәселесін сөз етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының әкімі мен «ҚТЖ» компаниясының басшысы көлік және тасымалды жетілдіру мәселесін сөз етті

05.10.2015
Алматы облысының әкімі мен «ҚТЖ» компаниясының басшысы көлік және тасымалды жетілдіру мәселесін сөз етті

Сапар барысында Dubai Port World әлемдегі ірі логистикалық компаниясы бірлесе басқарып отырған, АЭА Құрғақ портының ағымдағы жұмыстарын дамыту, жобаларды жүзеге асыру барысы талданды.

Онда Құрғақ порттағы жоба аясында контейнерлік алаң, теміржолдың кірме жолдары, қоймалар нысандары тұрғызылғаны айтылды. Құрғақ порт соңғы екі ай ішінде 10 мың ДФЭ контейнерлерін өңдеді. Сонымен қатар, жеке-дара өнімдерді қаптау, өңдеу жұмыстарымен де айналысады.

Еуроодақ елдеріне және одан кері қарай ҚХР-на автокөлікпен тасымалдау ұйымдастырылған. Бұған жергілікті тұрғындар тартылған. Олар әлемнің көліктік-логистикалық жетекші компанияларымен  тәжірибе алмасып отырады.

Алтынкөл станциясы арқылы транзиттік контейнерлік пойыздарды жасақтау және «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да өнімдерді өңдеу мақсатында Hewlett Packard, DB Schenker, Toyota, FESCO, BRAVIS компанияларымен келісім шарттар жасалған.

«Қорғас» Қазақстан-Қытай халықаралық шекаралық серіктестік орталығында экспорттық және импорт сауда операцияларын жасау мен логистикалық келісімдер бойынша 5 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды бастады. 10 жоба әлі сарапталып жатыр.  Алғашқы кезектегі жалпы инвестициялық жобалар көлемі 300 млн долларды құрайды.

Кеңес барысында Нұркент елді мекені негізінде жаңа қала салудың алғашқы кезегінің бас жоспары қарастырылды. Алматы-Қорғас автокөлік жолы құрылыс жобасын 2016 жылы аяқтау көзделуде.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар, Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуға зор серпін береді. «Жаңа Жібек жолының» экономикалық белдеуін жасақтауға толыққанды мүмкіндік ашады.

 

Хабарламаларға жазылу