Ауа райы: Республиканың солтүстігінде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Республиканың солтүстігінде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін

03.10.2015
Ауа райы: Республиканың солтүстігінде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін

Қыркүйек айында меридионалды синоптикалық процестер басым болғандықтан,  республикамызда ауа температурасы тұрақсыз болды.  Бұл үшінші онкүндікте ерекше бақыланды.

Еліміздің батыс бөлігінде температура аномалиясы нормадан 4-7º жоғары болды. Ал, шығыс бөлігінде  4-7º төмен болды. Қазан айының басында меридионалды процестер болмайды.

Өткен тәуліктерде Қазақстанның көптеген облыстарында температураның аномалиясы нормадан 1-3º жоғары болды.

Алдағы үш тәулікте  Ресейдің Еуропа аумағынан ауысатын атмосфералық ағымдардың ықпалынан республикамызда жаңбыр жауады, деп болжануда.  Солтүстік облыстарда жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін.

Батыс желі 15-22 м/с-қа дейін  күшейіп, температура  төмендеуі ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Хабарламаларға жазылу