Астанада 3 қазаннан бастап қала маңында қатынайтын маршруттар істе қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 3 қазаннан бастап қала маңында қатынайтын маршруттар істе қосылады

02.10.2015
Астанада 3 қазаннан бастап қала маңында қатынайтын маршруттар істе қосылады

3 қазаннан бастап, Астанада қала маңында қатынайтын 6 автобус бағдары іске қосылады. Аталмыш жоба модернизация жоспары аясындағы Астана қаласы Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы мен «Астана ЛРТ» ЖШС бірлескен жобасы.

Қала маңында қатынайтын жаңа автобустар Тайтөбе, Қосшы, Жібек жолы, Талапкер, Қоянды, Воздвиженка кенттеріне барады.

Жаңа маршруттар келесі бағдар бойынша қатынайды:

- Астана-Тайтөбе арасында нөмірі 302 автобус (жолақы мөлшері 150 теңге)

- Астана-Қосшы арасында 303 автобус (жолақы 130 теңге)

- Астана-Жібек жолы арасында 304 автобус (жолақы 160 теңге)

- Астана-Талапкер арасында 306 автобус (жолақы 120)

- Астана-Қоянды арасында 307 авобус (жолақы 100 теңге)

- Астана-Воздвиженка арасында 311 автобус (жолақы 140 теңге).

Атап өту керек, қала маңындағы автобустарда тек 15 жасқа дейінгі балалар жеңілдікпен жүреді жəне айлық жолақы билеті жарамсыз саналады.

Аталған бағдарларда жолақы мөлшері Инвестиция жəне даму министрлігімен бекітілген есептеу əдістемесіне сай белгіленді. Осы əдістемеге сай, бір шақырым жолға 6,6 теңге шақталып отыр. Қала маңында қатынайтын бағдарларда жеңілдікке ие азаматтардың жеңілдікпен жүруі қарастырылмаған. Сондай-ақ, айлық жолақы билеттері де жарамсыз. Тек, 15 жасқа толмаған оқушылар үшін 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған».

Хабарламаларға жазылу