Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасына әнші Әйгерім Қалаубаева қонақ болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.
«Жақында дуэт жаздым. Бұл - мен үшін ерекше ән. Себебі менің репертуарымда алғашқы махаббат туралы орындалған дуэт. Әнді Нұрлан Әлімжановпен орындадық. Алдағы уақытта бейнебаян түсіру жоспарда бар», - дейді әнші.
Сондай-ақ, ол тыңдармандарға тағы жаңа «Ойламашы», «Ақ арманым» атты екі ән ұсынатынын, жаңа концерттік жобасын әзірлеп жатқанын айтты.
«Әрдайым креатив жасап тұрған дұрыс. «Алдаймын» әніме көп сын айтылды. Қазір youtube желісіндегі бейнебаяндарымның ішінде көп қаралғаны осы ән», - дейді әнші.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.