Бұл туралы Бүкіләлемдік мұнай кеңесінің президенті Йозеф Тот мәлім етті.
«Халықаралық энергетикалық агенттік 2015 жылы әлем бойынша әлем компаниялары өздерінің шығындарын 100 млрд. долларға қысқартады деп болжауда. Осының барлығы әлем бойынша 20 пайыздық төмендеуге алып келеді», - деді ол бүгін Астанада өтіп жатқан KAZENERGY Еуразиялық форумында.
Оның сөзіне қарағанда, мұнай компаниялары ары қарай да шығындарын азайта беретін болады, себебі олар қазіргі уақытта өз бюджеттерін қайта қарап жатыр.