«Qazaq Air» әуе компаниясының жаңа бағыттары ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaq Air» әуе компаниясының жаңа бағыттары ашылды

29.09.2015
 «Qazaq Air»  әуе компаниясының жаңа бағыттары ашылды

Бұл бағыттар бойынша жолаушыларды «Qazaq Air» компаниясы Bombardier Q400 турбовинтті ұшақтар арқылы дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері тасымалдайды.

Жолаушыларға эконом-классындағы 78 орын ұсынылады. Ал 3 қазанда Қостанайға ұшақ шығады.

«Билеттер құны төмен. Мәселен, жолаушылар Шымкент қаласына ұшу үшін 15 688 теңге, Атырауға - 12 187 теңге, ал Қостанайға бару үшін 11 688 теңге жұмсайды», - деді «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Қосман.

Хабарламаларға жазылу