Қытайға үлкен тайфун қаупі төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайға үлкен тайфун қаупі төніп тұр

28.09.2015
Қытайға үлкен тайфун қаупі төніп тұр

Циклон мол көлемде жауын-шашын түсіріп, оның сладарынан биіктігі 7 метрге жететін толқындар көтерілуі мүмкін деген болжам жасалуда. 

«Дуцзюань» тайфуны күшейе келе ірі тайфун деңгейіне жетіп, бүгін, яғни 28-қыркүйекте Тайвань жағалауларына ал, бейсенбі күні Қытайдың материктік бөлігіне  жетеді деп күтілуде.

Бұл туралы жексенбі күні  Қытайдың метереологиялық қызметі хабарлаған.

Тропикалық дауыл солтүстікке иіліңкірей отырып, сағатына 15-20 километр жылдамдықпен батысқа қарай бет алған.    

Бүгінгі күннің екінші жартысында немесе кешкісін тайфун Тайваньның солтүстік-шығыс бөлігіне шығып, оның жылдамдығы сағатына  48-50 м/с құрайды деп болжанған.

Метеорологтар циклон мол көлемде жауын-шашын мен биіктігі  7 метр толқындарды көтеруі мүмкін деген болжам айтылуда, деп хабарлайды korrespondent.net.

 

 

Хабарламаларға жазылу