27 қыркүйекте күн тұтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

27 қыркүйекте күн тұтылады

27.09.2015
27 қыркүйекте күн тұтылады

27 қыркүйекте Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа, Африка және Таяу Шығыс елдері Айдың Жерге жақын келгендегі көрінісін тамашалай алады. Ай орбита нүктесін (перигей) Жерді тұтас айналып келіп, айына бір рет басып өтеді.

Алайда, перигей құбылысы  Айдың толуымен үнемі сәйкес келе бермейді. Ал, бұл жолы Айдың әдеттегісінен 14 пайызға үлкен нұсқасын көруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, бұл күні Жер Күн мен Айдың ортасынан өтеді. Нәтижесінде күннің тұтылуы болады.

Күн тұтылуы кезінде Ай қызыл түске енеді. Оған күн сәулесін таратып жіберетін Жердегі атмосфера себеп.  Егер Жерде атмосфера болмаса, тұтылу кезінде Ай қара түске енер еді.

Перигей құбылысы  ең соңғы рет осыдан 32 жыл бұрын, яғни, 1982 жылы болған. Ал, келесі құбылыс енді тек 2033 жылы болады.

Хабарламаларға жазылу