«Поэзия әлемінде» - Нұргүл Маулина - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Поэзия әлемінде» - Нұргүл Маулина

26.09.2015
«Поэзия әлемінде» - Нұргүл Маулина

Жас ақын Нұргүл Маулинаның шығармашылығы турасында ақын  Рахат Қосбармақ: «Бастысы, оның бойында шын ақынға тән тас жаратын талант, шынайы мөлдір сезім, ештеңеге айырбастауға болмайтын еліне, жеріне деген маздаған махаббат, Ардың туын биік ұстаған азаматтық көзқарас, айналадағы өмірді, қоғамда болып жатқан құбылыстарды суреткердің көзімен көре алатын сұңғыла қасиет бар», дейді.

Бұл ақынның ақынға берген жоғары бағасы. Сезімге толы мөлдір өлеңдері поэзиясүйер қауымның көңілінен орын алған Нұргүл ақынның өмірі мен шығармашылығы турасындағы хабарды бүгін Ұлттық арнадан сағат 12:30-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу