Ата-аналар арасында жарияланған ертегі байқауы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ата-аналар арасында жарияланған ертегі байқауы қорытындыланды

25.09.2015
Ата-аналар арасында жарияланған ертегі байқауы қорытындыланды

«Балапан» телеарнасы 5 жылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналар арасында ертегі байқауын жариялады.  Сайыс маусым айының 9-нан бастап тамыздың 24-не дейін жалғасты.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық ертегі келді. Үздік 30 туынды 120 беттік ертегілер жинағына енді.

Сондай-ақ, үздік ертегі желісі бойынша қойылым түсіріліп, телевизиялық нұсқада  кішкентай көрерменге жол тартады.  

Ертегі жазған ең кішкентай автор - Берік Алтынай Айбекқызы. Ол -Қызылорда қаласы №212 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы. Алтынайдың  «Ұқпасқа айтқан сөз жетім» ертегісі жинаққа енді.

«Менің ғажайып ертегім» кітабына енген  ертегілер:

 «Құйғыт, қане, тұлпарым!» - Сұлтан Қалиұлы

«Ерқазақ» - Асхат Өмірбаев

«Еркеш пен Тигли-Мигли» - Әйгерім Өтегенова

«Бақаға құйрық неге керек?» - Кәдірбек Сегізбайұлы

«Шындық - сиқырдан күшті» - Рүстем Сауытбай

«Айлакер аңшы» - Рахат Қосбармақ

«Ақылды тышқан» - Толқын Ахметжанова

«Бөлек қалай бой түзеді?» -  Шәкен Күмісбайұлы

«Домбыраның киесі» - Кеңес Оразбекұлы

«Ер тұлғалы Сақ батырдың тұлпары» - Маркиза Базарбайқызы

«Айсәуленің ойыншықтары» - Әсел Натбаева

«Ақтөс пен Марғау» - Әлмира Балғабаева

«Жылдың төрт мезгілі» - Анар Көлбаева

«Шөже қыз» - Русель Жұмағалиева

«Сенімді дос» - Шолпан Оразханқызы

«Аралдағы айдаһар» - Толыбай Аблаев

«Гүлдер патшалығы» - Қарлығаш Тілеубекова

«Тойымсыз түлкі» - Наурызбек Иманов

«Бірліктің әуені» - Гүлжанар Әбдіқұлова

«Екі мысықтың жеңісі» - Дариға Мұңалбаева

«Ұқпасқа айтқан сөз жетім» - Алтынай Берік

«Сиқырлы қалам» - Зарина Ерғалиева

«Елік-ене» - Баян Тіленшина

«Жыл басы қалай анықталды?» - Кеңес Оразбекұлы

«Ұйқышыл қораз» - Дариға Мұңалбаева

«Бақыт құсы» - Сұлтан Қалиұлы

«Киелі құлан» - Ранай Сатаева

«Айдаһарды жеңген сұлу» - Маркиза Базарбайқызы

«Алмас балта» - Мәдина Жақып

«Шырша мен терек» - Теңге Бекмырзаева

Хабарламаларға жазылу