«Астана»-«Галатасарай» матчы кезінде елордада көлік қозғалысына шектеу қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана»-«Галатасарай» матчы кезінде елордада көлік қозғалысына шектеу қойылады

25.09.2015
 «Астана»-«Галатасарай» матчы кезінде елордада көлік қозғалысына шектеу қойылады

«Астана-Галатасарай» матчын көремін деген жанкүйерлерге қолайлы болу үшін қала басшылығы келесі сəрсенбі күні кешке сағат 19.00-ден бастап бірқатар көшелерде көлік қозғалысына шектеу қояды.

Бұл туралы бүрін арнайы брифинг барысында Астана қаласы ІІД Əкімшілік полиция басқармасының басшысы  Бақытжан Малыбаев мəлім етті.

«30 қыркүйек күні сағат кешкі 19.00-ден бастап футбол аяқталғанша, елорданың бірқатар көшелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Атап айтсақ, Қабанбай батыр жəне Тұран көшелерінде, Керей-Жəнібек хандар көшесі мен бастап Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі бөлік жабық болады. Яғни, жекеменшік көліктер мен таксилер осы аумақта жүре алмайды.  Сондықтан, қала тұрғындарының «Астана-Арена» стадионына Орынбор көшесінің бойымен барғандары жөн»- деп хабарлады Б.Малыбаев.  

Əкімшілік полиция  басшысы сондай-ақ, машиналар мен автобустардың қозғалысана кедергі келтіріп, жол бойына көліктерін тастап кететін жүргізушілерге ескерту айтты.

«Осыған дейін бірнеше үлкен матч болған кезде, біз жол бойында тұрған 50 көлікті эвакуатормен алып кеттік. 30 қыркүйек күні де эвакуаторлар жұмыс істейді, рұқсат етілмеген жерде тұрған көліктердің барлығын айыппұл тұрағына алып кетеміз», - деді ол.

 

Хабарламаларға жазылу