Оралда түнде көліктердің қозғалысына шектеу қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда түнде көліктердің қозғалысына шектеу қойылады

05.11.2020

Орал қаласында 7 қарашадан бастап кешкі 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін көлік қозғалысына шектеу қойылады. Талапты бұзғандарға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Тәртіпті қатаңдатуға себеп - өңірде індет жұқтырғандар санының артуы. Мәселен, соңғы екі күнде ковид белгілерімен ауруханаға түскендер екі есеге өскен.

Перизат Бекқайырова, Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасының бас маманы:
Авариялық қызметтер, яғни коммуналдық қызмет бөлімдері және жедел жәрдем көліктеріне жүруге болады. 

Рауан Диәли

Орал карантин

Хабарламаларға жазылу