Қырғыз ұлттық консерваториясының ректоры Мұрат Бегалиев - «Таңшолпанда» қонақта (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз ұлттық консерваториясының ректоры Мұрат Бегалиев - «Таңшолпанда» қонақта (ВИДЕО)

23.09.2015
Қырғыз ұлттық консерваториясының ректоры Мұрат Бегалиев - «Таңшолпанда» қонақта (ВИДЕО)

Бүгін Алматыдағы Жамбыл Жабаев атындағы филармония залында «Ғасырлар сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің ІІ Халықаралық фестиваль-байқауы ашылады.

Осыған орай, «Алматы әуендері» концерттік ұжымы директорының орынбасары, дирижер Ықылас Нұрғалиев пен Қырғыз ұлттық консерваториясының ректоры Мұрат Бегалиев - «Таңшолпанда» қонақта.

«Байқауға 40-тан астам өнер ұжымы қатысады. Шара алғаш рет 2011 жылы республикалық деңгейде өткізілген. Биыл үміткерлер Қырғыз елінен, Өзбекстаннан, Башқұртстан және Түркиядан келіп жатыр. Осылайша, фестиваль ауқымы жыл сайын кеңейіп келеді», дейді Ықылас Нұрғалиев.

Мұрат Бегалиев байқаудың қазылар алқасы құрамында болады. «Осындай шара өтеді дегеннен кейін, оның үстіне Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланып жатқан тұста Қазақ еліне келдік», дейді Қырғыз ұлттық консерваториясының ректоры М.Бегалиев.

Байқау үш күнге жалғасады. Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар қандай? Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу