Бүгін - Қазақстан халқының тілдері күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Қазақстан халқының тілдері күні

22.09.2015
Бүгін - Қазақстан халқының тілдері күні

Осыған қарай аталмыш мерекені елімізде мекендеген 100-ден астам ұлт өкілдері атап өтіп келеді және бұл мереке уақыт өткен сайын барлық халықтар ерекше ықыласпен қарсы алатын жалпыхалықтық мерекеге айналып үлгерді.

Осы мереке қарсаңында еліміздің барлық аймақтарында, ұйым мекемелер мен ұжымдарда тілге байланысты түрлі шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, түрлі сала қызметкерлері арасында байқаулар, тілді дамыту бағытындағы түрлі жиындар, семинарлар мен дөңгелек үстел отырыстары өтіп тұрады.

Осы кезде елдің бірқатар аймақтарында тілдің дамуына үлес қосқан журналистерді, түрлі сала өкілдерін марапаттап, сый-сыяпаттар жасау дәстүрге айналған. Биылғы жылы да ел халқы осы дәстүрден айнымай мереке қарсаңында түрлі шараларды ұйымдастырып үлгерді. Жақында еліміздің Бас прокуратурасы  «Тіл -достық көпірі» атты  прокуратура қызметкерлері арасында байқау өткізсе, Қарағанды облысында тілдің дамуына қосқан азаматтарды марапаттауға арналған «Тіл жанашыры» шарасы ұйымдастырылды, ал Солтүстік Қазақстан облысында тілдер фестивалі өтті. Кеше бұл мерекені Ауыл шаруашылығы министрілігің өкілдері да атап өтті.

Осы тектес мерекелер ұжымдарда да ұйымдастырылуда. Осының өзі аталмыш мерекенің қалың көпшіліктің зоры ықыласына ие екендігін және оның уақыт өткен сайын мерекелеу ауқымы кеңейіп келе жатқандығының көрінісі. Қазақстанда бүгінде осы елде тұратын көптеген ұлттардың ана тілдерін меңгеріп, жетілдіріп отыруға мол мүмкіндік жасалған.   

Сондай-ақ осы бағытта бүгінгі таңда елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы да жұмыс істейді және аталмыш ұйымның да қоғамдағы орны нығайып, мемлекеттегі түрлі үдерістерге ықпалы артып келеді.     

 

Хабарламаларға жазылу