Ұлттық арнаның жаңалықтар қызметі аптаны жаңа уақытта бастамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнаның жаңалықтар қызметі аптаны жаңа уақытта бастамақ

21.09.2015
Ұлттық арнаның жаңалықтар қызметі аптаны жаңа уақытта бастамақ

Ұлттық арнаның жаңалықтар қызметі аптаны жаңа уақытта бастамақ. Елдегі және жаһандағы маңызды ақпараттар ретін енді алғаш болып «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан білетін боласыздар.

Бұрын телеарнаның қорытынды жаңалықтары сағат 20:30-да берілетін болса, бүгіннен бастап көрермен маңызды  жаңалықтарды 19:30-да көре алады.

Ұлттық арна тілшілері елдің түкпір-түкпірінде және жаһан елдерінде  болып жатқан түрлі жайттарды оперативті түрде жеткізуге тырысады.

Эфир жаңалықтарын дүйсенбі-жұма аралығында 09:30, 17:30 және 19:30-да, сенбі күні тек 19:30-да, ал, жексенбі күні апталық жаңалықтар қорытындысы «Apta.kz»-ті 20:00-де көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу