«KazNews»-тің қорытынды жаңалықтарының уақыты 20:00-ге ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KazNews»-тің қорытынды жаңалықтарының уақыты 20:00-ге ауысты

07.11.2016
«KazNews»-тің қорытынды жаңалықтарының уақыты 20:00-ге ауысты

«Қазақстан» Ұлттық арнасы ел және жаһан жаңалықтарын көрермен назарына оперативті түрде ұсынуды мақсат тұтады. 

Бұған дейін 20:30-да эфирге шығып келген «KazNews»-тің қорытынды жаңалықтары енді Сізге ыңғайлы уақытта, сағат 20:00-де көрсетілмек.

Естеріңізге саламыз, Ұлттық арнаның Жаңалықтар қызметі көрерменмен күніне 3 рет қауышады. Таңғы жаңалықтар уақыты – 09:30, кешкі жаңалықтар – 17:30 және қорытынды жаңалықтар 20:00-де эфирде. 

Елдегі ең маңызды жаңалық  Ұлттық арна назарында. Бізбен бірге көріңіз!

Хабарламаларға жазылу