Ә.Жақсыбеков Астананың тазалығын қамтамасыз етуде озық халықаралық тәжірибені зерттеуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ә.Жақсыбеков Астананың тазалығын қамтамасыз етуде озық халықаралық тәжірибені зерттеуді тапсырды

21.09.2015
Ә.Жақсыбеков Астананың тазалығын қамтамасыз етуде озық халықаралық тәжірибені зерттеуді тапсырды

Сенбілікке алғаш рет 100 мыңға жуық адам қатысты. Елорда әкімі тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыруды жақсартуды, мегаполистердің озық халықаралық тәжірибесін зерттеуді және пайдалануды тапсырды, деп хабарлайды Астьана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімнің айтуынша, Астана қаласы үшін ең маңызды мәселелердің бірі - шағын және орта бизнесті дамыту.  Оны дамыту бойынша жауапкершілік күшейтілуде, келешегі бар жобалар көп, бірақ нәтиже ойдағыдай емес, - деп атап өтті Ә. Жақсыбеков.

Бұған алдымен бюрократиялық кедергілер көп. Мысалы, өзіне тиесілі жер телімінде сауданы жолға қою үшін кәсіпкерлер түрлі процедуралардан өту үшін көп уақытын жұмсайды. Мемлекеттік құрылымдар кәсіпкерлерге көп тосқауыл қоюдан жарысқа түсетін секілді.

Елорда әкімі демалыс күндері қалалық базарларды атап айтқанда, «Шанхай», «Алаша» базарларын аралап, инфрақұрылымды, және тағы асқаларды дұрыстауды, сондай-ақ қалыптасқан жағдайды талапқа сай келтіруді тапсырды.

Саудагерлер мен тұтынушыларға күннен күнге, әсіресе демалыс күндері базарға жету қиынға соғуда. Елорда әкімі аз уақыттың ішінде қоғамдық көліктердің маршруттарын оңтайландыруды, «Шанхай» базары аумағында қалааралық бағытта автобекет салу үшін инвестор тартуды тапсырды.

 

Хабарламаларға жазылу