Алматы іргесіндегі Өтеген батыр ауылында цех өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы іргесіндегі Өтеген батыр ауылында цех өртеніп жатыр

21.09.2015
Алматы іргесіндегі Өтеген батыр ауылында цех өртеніп жатыр

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы цех өртеніп жатыр. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев хабарлады.

Оның айтуынша, өрт туралы хабарлама таңертеңгі 10:22-де түскен.

Өрт әлі толық өшірілген жоқ. Қазір оны сөндіруге 7 арнайы техника мен 35 адам жұмылдырылған. Алдын ала анықтау бойынша «тілсіз жау» 1800 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртке 3-деңгейлі күрделілік берілді.

Гидроизоляциялық материалдар шығаратын цех «Толпан» ЖШС-ына тиесілі екендігі белгілі болды.

Хабарламаларға жазылу