Қазақ күресінен халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ күресінен халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады

17.09.2015
Қазақ күресінен халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады

Қазақ күресінен ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры, Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы, Жамбыл облысы әкімдігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.

Турнир Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, 9 қазанда Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде таңертеңгі сағат 11:00-де басталады.

Биылғы ерекшелік, салмақ дәрежесінде бірқатар өзгерістер бар. «Еуразия Барысында» палуандар командалық сында 55, 66 , 74, 82, -90, -100  және +100 келі салмақ дәрежесінде күреседі. Турнирде қазылық жасайтын халықаралық төрешілер құрамында қатысатын мемлекеттің өкілдері кіреді.

Қазақ күресінен халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі ең алғаш рет 2013 жылдың желтоқсан айында өткен болатын. Оған Еуразия құрлығының 8 мемлекетінен палуандар қатысты.

Бұл жарыс «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының «Қазақстан Барысы» мен «Жас Барыс» жобасынан кейін қолға алған үшінші жобасы. 2013 жылғы турнир жеңімпаздары отандастарымыз - Қазақстан құрамасы. Олар финалда Моңғолия құрамасынан 4:1 есебімен басым түсті.

Екінші рет ұйымдастырылған турнир 2014 жылдың қараша айында Балуан Шолақтың 150 жылдық мерейтойына арналды. Оған Әзірбайжан, Қытай, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Украина елдерінің командалары қатысты. Финалда екінші рет Моңғолия құрамасы Қазақстан құрамалары кездесіп, моңғол палуандары жеңімпаз атанды.

«Еуразия Барысы» халықаралық турнирін тікелей эфирде 7 сағат бойы әлемнің 126 мемлекеті тамашалады. Биылғы халықаралық көрсетілімдіде түркиялық «ТРТ Аваз» бен ресейлік «Боец» арналары тікелей эфирде ұсынатын болады.

Ал, елімізде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы,  «KazSport» және «КТК» арналары көрсетеді.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу