
Мемлекет басшысы кәсіпорын ұжымын нысанның іске қосылуымен құттықтап, өңірде индустриялық саланы дамытудағы оның маңызын атап өтті, деп хабарлайды ҚР Президентінің ресми сайты.
Зауыт жұмысшылары өнеркәсіп және өңдеу салаларына қолдау көрсетіп отырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.
«ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС Индустрияландыру картасына енген және «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша субсидия алады. Жобаның қуаты жылына 5 000 шақырымдық кабель шығаруға есептелінген.
