Ауыр қылмыс жасап, шетел асқан Давыд Боцинян мен Айбек Қалбаев елге жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыр қылмыс жасап, шетел асқан Давыд Боцинян мен Айбек Қалбаев елге жеткізілді

17.09.2015
Ауыр қылмыс жасап, шетел асқан Давыд Боцинян мен Айбек Қалбаев елге жеткізілді

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұранысына сәйкес, Финляндия Республикасының Әділет Министрлігі биылғы жылдың 14 тамызында аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін Астана қаласы ІІД-нің іздеуіндегі Д.Боцинянды беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Ол 2009 жылы аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін, сонымен қатар, сату мақсатымен аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін айыпталуда.

Биылғы жылдың тамыз айында Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы 24 жастағы А.Қалбаевты қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 2014 жылдың 28 ақпанында беларусьтік сот белгілеген жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстанға беру туралы шешім қабылдады.

Жеткізілген азаматтар Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

 

Хабарламаларға жазылу