«Таңшолпанда» - Ермек Өміртай және Рүстем Сыбай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - Ермек Өміртай және Рүстем Сыбай

17.09.2015
«Таңшолпанда» - Ермек Өміртай және Рүстем Сыбай

Ауыр атлетикадан Таиландта өткен Азия чемпионатында алтын медаль алған Ермек Өміртай: «Жарыс жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастыру жағы да керемет. Жеңіске деген сенім болды. Дегенмен, Қытай және Корея спортшыларынан күдіктендім. Олар біздің бұрыннан келе жатқан қарсыластырамыз»,-дейді.

Ал, Рүстем Сыбай: «Дайындық жақсы болды. Қарсыластарым – Иран және Корея елдерінің спортшылары. Олар да мықты. Қиын болды, бірақ, өзімді жинақтап, жеңісті ғана ойладым»,-дейді.

«Әр салмақта бәсеке мықты болды. Біз «бірінші үштік мықты, қалғандары бостау болады»,-деп күткен едік. Жоқ, олай болмады. Бірінші мен сегізінші орын арасындағы спортшылардың әр қайсысы да бірінші орынға таласты. Осы жарыстың бірден-бір ерекшелігі осы болды»,-дейді Ержас Бекназарұлы.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

 

 

Хабарламаларға жазылу