«Тарих толқынында». «Хан мұраты: Бұрындық пен Қасым» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тарих толқынында». «Хан мұраты: Бұрындық пен Қасым»

14.09.2015
«Тарих толқынында». «Хан мұраты: Бұрындық пен Қасым»

Керейдің ұлы Бұрындық ханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Сондықтан да, хандық тарихындағы ірі оқиғалар мен дамулар оның өміріндегі негізгі белестер.

Жазба деректердің тапшылығына қарамастан, Бұрындық хан өмірінен бірнеше белесті айқын көруге болады. Оның Қазақ хандығы құрылуының екінші кезеңдегі атқарған рөлі, бұл шамамен 1469-1472 жылдарда болған.

1472-1473 жылдардан XV ғасырдың 90 жылдарының ортасына дейін, Қазақ хандығының батыста ноғай мырзаларымен және оңтүстікте Сыр бойы қалалары мен өңірлері үшін күрестегі атқарған рөлі.

XV ғасырдың 90-жылдарының ортасынан XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығы ішіндегі Қасым сұлтанмен арадағы қайшылықтар, Шайбани ханмен одақтасу, қазақ қоғамындағы беделін жоғалтып, елден кетуі.

Бұрындық ханның хандықтың құрылу үрдісіне қатынасуы 1469-1473 жылдардағы оқиғалардан көрініс табады.

Бұрындық ханның немере інісіне қыр көрсетуінің себебі неде? Неге Жәнібек хан дүние салғаннан кейін оның ұрпақтары таққа отырмады? Бүгін 19:05-те «Тарих толқынында» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу