Басшылықтың шектен тыс талапшылдығы жүрек ауруына әкеліп соқтырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Басшылықтың шектен тыс талапшылдығы жүрек ауруына әкеліп соқтырады

13.09.2015
Басшылықтың  шектен тыс талапшылдығы жүрек ауруына әкеліп соқтырады

АҚШ ғалымдары басшылықтың шектен шыққан талаптары мен тілектері қызметкерлердің денсаулықтарына әсер етеді.  

Гарвард университетінің мамандары жұмыс істейтін 220 әйел мен ер азаматтың медициналық карталарын зерттеп, зерделеді. Еріктілерден олардың басшыларымен және әріптестерімен қарым-қатынастарының қандай екендігі, жұмысынан айырылып қалудан қорқа ма, олардың жұмыс күндерінің тәртібі мен зиянды әдеттері туралы сұралды.  

Мәлім болғанындай, жұмысынан айырылып қалудан қорқатын азаматтардың 50 пайызының ұдайы күйзеліске ұшырап, түрлі жүрек қан-тамырлары ауруларымен ауыратындары анықталды.   

Бұған қоса, басшылары шектен тыс талап қойған жағдайда, қызметкерлердің жүрек ауруының тәуекелі 35 пайызға артатындығы анықталды.   

 

 

Хабарламаларға жазылу