«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының финалы биыл күзде өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының финалы биыл күзде өтеді

30.06.2016
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының финалы биыл күзде өтеді

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының мәресі биыл күзде Отбасы күні мерекесіне қарай өтіп, жеңімпаз отбасы анықталады. Өнегелі, мерейлі отбасын анықтауға еліміздің барлық азаматтары онлайн немесе СМС-хабарлама арқылы дауыс беріп, қатыса алады.

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен бүгін комиссия отырысы өтіп, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру, жеңімпаздарға табысталатын дипломдар мен мүсіншелердің эскиздерін бекіту туралы бірқатар тапсырмалар берілді.

Әйгерім АҒЫЛТАЕВА

Хабарламаларға жазылу