Қазақстанның жас геологтары халықаралық деңгейге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның жас геологтары халықаралық деңгейге шықты

10.09.2015
Қазақстанның жас геологтары халықаралық деңгейге шықты

Оң нәтиже ұзақ күткізбеді – осы олимпиададан кейін оған қатысқандардың көпшілігі мамандықтарын таңдап, олардың едәуірі оқу орындарына геологиялық мамандықтар бойынша оқуға түсті.

ҚР Индустриялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев және «Қазгеология» АҚ Басқармасының төрағасы Ғалым Нұржанов 2015 жылғы 13-20 қыркүйекте Бразилияда өтетін Жер туралы ғылымдар бойынша халықаралық олимпиадаға International Earth Science Olympiad - IESO қатысатын жас геологтармен кездесті, деп хабарлайды ҚР Индустриялар және даму министрлігіне қарасты «Қазгеология» акционерлік қоғамының бапасөз қызметі.

Биылғы жылы IESO-ға әлемнің 20 елінен 1000-нан астам оқушы қатысады, ол Еуропадан тысқары жерде құрылған, 15 жастан асқан орта мектеп оқушыларына арналған, жер туралы барлық геологиялық ғылымдарды қамтитын бірден бір олимпиада.

Соңғы жылдары Қазақстанда балалар мен жасөспрірімдер арасында геологиялық қозғалыс бел алып, табысты түрде дамуда. Инвестициялар және даму министрлігі «Жас геолог» корпоративтік қорын құрды, оның мақсаты – Қазақастандағы жас геологтар қозғалысына қолдау көрсету, мектеп оқушыларын геология саласында жоғары оқу орнына  дейінгі дайындау болып табылады.

Хабарламаларға жазылу