«Кселл» компаниясының басшысы абоненттерінен кешірім сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Кселл» компаниясының басшысы абоненттерінен кешірім сұрады

10.09.2015
«Кселл» компаниясының басшысы абоненттерінен кешірім сұрады

«Кеше кешке біздің желіде басты коммутациялық жабдықтауда ақаулықтар пайда болып, нәтижесінде жүздеген мың абонент дауыс байланысынсыз қалды. Келтірілген қолайсыз жағдай үшін абоненттерімнен кешірім сұрағым келеді. Ақаулық орын алғаннан кейін мен техникалық директормен бірге дауыс байланысын қалпына келтіру бойынша жұмысты қадағаладым. Сағат 22:02-де желінің жұмысы орнына келді. Алайда, біздің инженерлер жағдайдың тұрақтанғанын бақылау мақсатында түні жұмыс істей берді. Мен оларға аянбай еңбек еткені және осындай үлкен ақаулықты тез арада жойғандары үшін алғыс айтамын. Қазіргі таңда біз ақаулық болашақта орын алмауы үшін оның пайда болу себебін толық саралаудамыз»,- делінген компанияның ресми сайтында.

 

 

Хабарламаларға жазылу