Қыз жүрегіне қалай жол тапқан жөн? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыз жүрегіне қалай жол тапқан жөн? (ВИДЕО)

10.09.2015
Қыз жүрегіне қалай жол тапқан жөн? (ВИДЕО)

Кейде жігіттер қауымы ұнатқан қызына сезімін білдіре алмай, сан соғып жатады.

Дәл сондай сәттерде қыз жүрегіне қалай жол тапқан жөн? Кездесу кезінде қателіктерге бой алдырмас үшін алғашқы үш қағиданы жадыңызда ұстаңыз.

Алғашқысы: өзіңізге ұнаған жанға шамадан тыс ұнауға тырыспау. Бұл - булыққан сезімді бұғаулау деген сөз емес. Сіз оған өз сезіміңіз туралы бір көргенде-ақ айтуыңызға болады. Алайда, жан-дүниеңіздегі жайттарды бірден жайып тастамау керек.

Екінші қағида: кездесу кезінде шағым айтпаған абзал. Себебі, жолы болмаған жан ешкімді қызықтырмайды. Сондықтан, ұнамсыз әңгімелерге жол бермеңіз. «Мені айналамдағылар жақсы көреді», деген сенім болғанда ғана жетістікке жетесіз.

Үшінші қағида: шектен шыққан әзілге жол бемеу. Алайда, бұл қызықты әңгіме айтуыңызға кедергі емес.

Толығырақ «Таңшолпаннан» тамашалаңыз.

 

Хабарламаларға жазылу