Айдар Қазов ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айдар Қазов ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

09.09.2015
Айдар Қазов ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық зілтемірші Айдар Қазов (77 келі) Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жетті. Айдар қоссайыс нәтижесі бойынша 350 (156 + 194) келі көтеріп, алтын медаль ұтып алды.  

Солтүстік Корея елінен қатысқан Джон Менг Сонг та 350 келі көтерді, алайда оның салмағы Қазовқа қарағанда ауыр болғандықтан ол екінші орын алды. Қола жүлдені 349 (158 + 191) келі көтерген таиландтық Чиннавон Чатупхум иеленді.

Осы салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан тағы бір қазақстандық Батыр Асраров 330 (145 + 185) келі еңсеріп, 8-ші орыннан көрінді.

Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрамасы үшін бұл Азия чемпионатындағы үшінші медаль. Осыған дейін Әсем Садықова мен Фаина Сиванбаева елімізге қола жүлде әкелген.

 

Фото: wfrk.kz

Хабарламаларға жазылу