Зілтемірші Фаина Сиванбаева Азия чемпионатында қола жүлде ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зілтемірші Фаина Сиванбаева Азия чемпионатында қола жүлде ұтып алды

09.09.2015
Зілтемірші Фаина Сиванбаева Азия чемпионатында қола жүлде ұтып алды

63 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Фаина Сиванбаева қоссайыс бойынша 229 (103+130) келі көтеріп, жарыстың қола медалін еншіледі. Ал, бұл сайыста 240 (105+135) келі көтерген қытайлық Жу Веню жеңіске жетсе, екінші орынға 233 (103+130) келі көтерген таиландтық Сирикаев Пимсири тұрақтады.

Осы күні жарыс алаңына шыққан тағы бір қазақстандық Александр Ким (69 келі) қоссайыс қорытындысы бойынша 312 (142+170) келі көтеріп, 6-шы орын алды.

Айта кетейік, бүгін жарыс жолына 77 келіде Айдар Қазов пен Батыр Асраров, ал 85 келіде Ермек Өміртай мен Семен Линдер шығады.

Хабарламаларға жазылу