Бокстан Азия чемпионатының ақтық сынында 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз өзбек спортшысы Шахобиддин Зоировтан басым түсті.
Үш раунд қорытындысы бойынша қарсыластарын айқын басымдықпен ұтқан Олжас 2015 жылғы Азия чемпионы атанды.
Кездесу барысында облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев боксшыға 2 млн. 400 мың теңге көлемінде, ал бапкеріне 300 мың теңге көлемінде ақшалай сертификат тапсырды.
Кездесу соңында аймақ басшысы спортшыға зор денсаулық, мол бақыт және толағай жеңістер тіледі, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 25 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Бангкокта өткен бокстан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар бес алтын медаль, бір күміс және бір қоламен командалық есепте көш бастады.
Енді құрама Дохада 5 қазанда ашылатын Әлем чемпионатына дайындыққа кіріседі.