Бас прокуратура Кәрім Көкірекбаевқа қатысты сот үкіміне шағымданбақ
Бас прокуратура Кәрім Көкірекбаевқа қатысты Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған үкімге шағымданбақ. Бұл жайында құзырлы орган ресми мәлімдеді. Күні кеше «Қазселденқорғау» мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Оған бір топ адамдардан, аса ірі көлемде бірнеше рет пара алды деген айып тағылған болатын. Бірақ, алқа билер қатысқан сот оны кінәсіз деп таныды. Бұл шешіммен Бас прокуратура келіспейді. Олар үкімге аппелициялық шағым түсіретінін хабарлады.
Еске сала кетейік, Антикор 2023 жылдың мамырында Жамбыл облысының экс-әкімі және сол кездегі «Қазселденқорғау» мекемесінің басшысы Кәрім Көкірекбаев кәсіпкерлерден жалпы соммасы 396 миллион теңге болатын аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылғанын мәлімдеген еді.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында бұлақ көзін ашты
20.04.2026, 13:24
Банк қызметкерлері Есіл жағасын тазалады
20.04.2026, 13:21
Қара теңізге мазут төгіліп, құстар қырылды
20.04.2026, 13:18
АҚШ әскерлері Иранның сауда кемесін басып алды
20.04.2026, 13:15
Банктің бақылауы күшейді
20.04.2026, 13:12
Жалған хабарлама тарату – қылмыс
20.04.2026, 13:09
Өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды
20.04.2026, 13:06
Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккен тағы бір науқас көз жұмды
20.04.2026, 13:03