Ұлттық арнада әншінің Бауыржан Қарағызұлының сөзіне жазылған Асқар Жайлаубаевтың «Қыз ұзату» әніне түсірген бейнебаянының тұсауы кесілді.
«Бұл әнге бейнебаян бір айдың көлемінде түсірілді. Репертуарыма мұндай әнді енгізуіме себеп болған - құрбыларым. Қыздарын ұзатып, маған ән айтсаң деген ұсыныстарын білдірді. Кейін Асқар Жайлаубаев осы әнді ұсынды.
Бірақ, ол уақытта әлі сөзі жазылмаған болатын. Жалпы, көпшіліктің көңілінен шығуда», дейді әнші.
Сондай-ақ, әнші көрермендермен отбасындағы қуаныштарымен бөлісті.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер.