Скрипкашы Қаламқас Жұмабаева кәсіби қызметін бала кезінен бастаған. Сырлы да сазды музыка әлемімен оны ең алғаш таныстырған – ата-анасы.
Жас дарынның қолына алған ең алғашқы аспабы - флейта. Бүгінде бірнеше аспапты қатар меңгерген Қаламқасты өзінің шығармашылық ортасында «Әуеннің асқан шебері» деп атайды.
«Алғашында скрипкада ойнауға аса бір ынта танытпадым. Алайда, ата-анамның және маған сенім артқан жақындарымның үмітін ақтауым керек болды. Кейіннен бұл аспапқа деген құмарлығым оянып, өмірімнің ажырамас бөлшегіне айналды. Музыка мектебіне түскенім, соның ішінде скрипканы таңдағаныма қатты қуанамын», дейді Қаламқас Жұмабаева.
Мектепті «Алтын белгіге» тәмамдаған ол Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияға сынақсыз қабылданады.Қазақстанның Мәдениет қайраткері Гауһар Мырзабекованың сыныбынан білім алып шыққан өнерпаз бүгінде елордадағы опера және балет театрында оркестрде қызмет етуде.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.