Исландия-Қазақстан матчының 1-таймы 0:0 есебімен аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Исландия-Қазақстан матчының 1-таймы 0:0 есебімен аяқталды

07.09.2015
Исландия-Қазақстан матчының 1-таймы 0:0 есебімен аяқталды

Ойынның бірінші таймында екі құрама да алма-кезек шабуылдағанымен қақпаға гол соғылмады.

Алғашқы қауіпті шабуылды Қазақстан Ұлттық құрамасының футболшылары жасады. Ойынның 17-минутында сол қанаттан доп асырған Ұлан Қонысбаевтің пасын Таңат Нөсербаев нәтижесіз аяқтады.

Ал, исландиялықтардың 10 нөмірлі ойыншысы Ари Скуласон 34-минутында қауіпті соққы жасағанымен, Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов қауіптің бетін қайтарды.

Осыдан кейін Исландия құрамасының шабуылы қарқын алғанымен Қазақстан Ұлттық құрамасының футболшылары қорғаныста баппен ойнағанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, шаубылда да біздің футболшылар сауатты ойнауда.

Исландияда өтіп жатқан ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу