АҚШ зерттеушілерінің пікірлерінше, ата-аналардың баласына деген шектен тыс махаббаты мен қамқорлығы оларды шектейді немесе бала үнемі өзін бақылауда жүргендей сезінеді. Оның салдары өз-өзіне лайықты баға бере алмау, өзін-өзі қауіптен аулақ ұстай алмау сияқты әрекеттеге алып келеді. Мысалы бала ішімдікке үйірсек
болып кетуі мүмкін, дап жазады Газета ру.
«Біз ата-ананың зор қамқорлығының бір пайдасы бар деп есептейтінбіз, алайда, біздің сеніміміз ақталмады»,-дейді зертеу жұмыстарының жетекшісі Ларри Нельсон.
Ғалымдар тәжірибе барысында студенттердің өзін-өзі бағалауы, білім алуы, қауіпті әрекеттерге жақын болуы сияқты қасиеттер бойынша талдау жасады. Зерттеулер нәтижесі шектен тыс қамқорлықтың әсіресе балалардың жетіле бастаған кезінде, яғни ересек бола бастаған кезде кері әсерлері болуы мүмкіндігін көрсетті.
Ғалымдардың пайымдауларынша, жастар негізінен еркіндікті ұнатады, олар қандай да бір мәселе бойынша шешім қабылдау үшін оларға тәуелсіздік қажет, алайда бұл оларға қолдау мен қамқорлық мүлдем қажет емес дегенді білдірмейді.