Кәсіби аурулар деген не? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіби аурулар деген не?

05.09.2015
Кәсіби аурулар деген не?

Кәсіби аурулар – белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады.

Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады.

Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет.

Дерттен арылудың өзге де жолдары бар ма? Мамандар қандай кеңес береді? Бүгін 10:05-те «Дауа» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу