Айтысқа шықпай жүргеніне тоқталған ақын: «Соңғы рет 2012 жылы Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына арналған айтысқа шыққан екенмін. Халықтың менің айтысымды сағынғанын сезініп те жүрмін. Бірақ, қарап отырсам, менің қатарластарымнан Мелс Қосымбаев, Ақмарал Леубаева сынды ақындардың ешқайсысы да сахнада жүрген жоқ. Соның өзі сахнаға сирек шығуға, ойланып-толғануға себеп екен»,-дейді.
«Сахна – киелі дүние. Бәйгеге түспеген тұлпар секілді айтыс болады деген кезде арқам қозып, сағынатын сәттерім кездеседі».
«Сахнаға шықпай кетуімнің бір себебі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры болғандықтан, түрлі ғылыми зерттеулер жазуға тура келеді. Оның үстіне жалғыз айтыскерлік емес, жазба поэзиям бар. Бәріне уақыт керек».
Ақынның «Сағыныш» атты өлеңін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.