Астананың өнеркәсіп өндірісінің көлемі үш есеге артты

28.08.2015
Астананың өнеркәсіп өндірісінің көлемі үш есеге артты

Кезекті отырысқа, сондай-ақ, Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп және бизнес өкілдері қатысты.  

Халық қалаулылары ШОБ жобаларын субсидиялау мәселелерін сөз етті. Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысының орынбасары Әлия Қожабаева баяндамасында бүгінгі күні Астанадағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2010 жылға қарағанда үш есеге артқанын атап өтті.

«Жалпы өндіріс көлемінің 80 пайыздан астам үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, оның көлемі 3,2 есе артып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 2 есе артты. Өнеркәсіпті инвестициялау көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артты. Ал, Астанадағы ШОБ үлесі 58,8 пайызды құрайды, бұл республикамыздағы ең жақсы көрсеткіш», - деді Ә. Қожабаева.

Атап өту керек, өткен жылдың қорытындысы бойынша өндірілген өнім көлемі 3 триллион 300 млрд теңгені құрап отыр, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 3,6 есе көп. Бүгінгі күні орта және шағын бизнес салаларында 233 мың астаналық жұмыс істеуде.

Кездесу барысында  жаңадан ашылған тігін фабрикасы мысалында Астананың индустриалды паркін дамыту  мәселелері қаралып, Астананың өнеркәсібін дамытудың жаңа кезеңіне  өту жолдары талқыланды.

 

Хабарламаларға жазылу