Қызылорда облысының валюта нарығындағы ахуал тұрақты-Ұлттық банк филиалы

27.08.2015
Қызылорда облысының валюта нарығындағы ахуал тұрақты-Ұлттық банк филиалы

Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында Қазақстан Ұлттық Банкінің Қызылорда облысы бойынша филиалы директоры Ернар Жұмабеков мәлімдеді.

Қаржыгердің айтуынша, Ұлттық банк дер кезінде облыстағы екінші деңгейлі банктердің теңге немесе АҚШ долларының қолма-қол ақшаға деген сұранысын қанағаттандырып отыр. Жүйелі іс-қимылдардың нәтижесінде ақша тапшылығы жоқ.

Сонымен қатар, Ұлттық банк аймақтағы барлық айырбастау орындарындағы бағамға күнделікті мониторинг жүргізіліп отыр. Ондағы шетел валютасын сатып алу-сатудағы рұқсат етілген бағам айырмашылықтар долларға - 2 теңге, евроға – 3 теңге. Филиал басшысы алаяқтықтың алдын алу мақсатында валюталық операцияларды тек ресми айырбастау орындарында жүргізуді ұсынды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР Ұлттық Банкімен ипотека заемшыларының мәселелерін шешу үшін 130 млрд. тенге бөлінді. 2015 жылдың 24 сәуірінде ҚР Ұлттық банкі Басқармасының №69 қаулысымен тиісті бағдарлама бекітілді. Бағдарлама аясында 25000 келісім-шарт қайта қаржыландырылатын болады, оның ішінде 5 мыңнан астам халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын ипотека заемшыларының келісім-шарты бар», - деді Е. Жұмабеков баяндамасында.

 

  

Хабарламаларға жазылу