Елдос Сметов: Қарсыласымның қолын көтергенім, екі қазақ палуаны ақтық айқасқа жетті дегенім еді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдос Сметов: Қарсыласымның қолын көтергенім, екі қазақ палуаны ақтық айқасқа жетті дегенім еді

26.08.2015
Елдос Сметов: Қарсыласымның қолын көтергенім, екі қазақ палуаны ақтық айқасқа жетті дегенім еді

«Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әлем чемпионатында жеңіп шығу алдыма қойылған үлкен мақсаттың бірі болды. Халықтың, бапкерлердің, ата-ананың сенімін ақтап, елдің абыройын асқақтату -үлкен бақыт.

Рустаммен бір залда жаттықтық. Татамида достық деген жоқ. Ал, жарыста еңбектенгеніңнің нәтижесін көрсетуің керек. Жеңіс кезінде қарсыласымның қолын көтергенім, екі қазақ палуаны ақтық айқасқа жетті дегенім еді. Екеуіміздің де мақсатымыз - еліміздің төрінде өзіміздің Әнұранды шырқату болды», дейді Елдос Сметов.

«Төккен тер ақталсын десең, жаттығуда босаңсуға болмайды. Жеңіс спортқа өміріңді арнасаң ғана келеді. Кешегі жарыстан кейін Елдос олимпиадалық рейтингте І орынға шықты, ал, әлемдік рейтингте ІІІ орында тұр», дейді жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелді.

 

Хабарды жүргізген: Мұхтар ТҰРТАЙҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу