«Еуразия барысы». Сахан Әбдіқасым соңғы минуттарда жеңіске жетті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразия барысы». Сахан Әбдіқасым соңғы минуттарда жеңіске жетті (ВИДЕО)

16.12.2017

Бозкілемге бесінші болып шыққан Сахан Әбдіқасым 82 келі салмақ дәрежесінде белдесетін  палуан. Ол Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (2017), Конфедерация кубогының жеңімпазы (2017). Сақанның бүгінгі қарсыласы Грузия палуаны Заур Гагнидзе.

Грузин палуаны 2 бүк ұпайымен алда келе жатыр еді, алайда қазақ палуаны көп күттірмей есепті теңестірді ( екеуінде де 1 жамбас, 2 бүк ұпайдан). Белдесудің соңғы минуттарында Заур Гагнидзе өзі бастаған әдісінен айырылып қалды. Мүмкіндікті сәтті пайдаланған Сахан тағы бір бүк ұпайымен, жеңіске жетті.

«Еуразия барысы» турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу